24 тамыз 2020 | 09:06

Грузияда туристер отырған автобус жардан құлап кетті: 17 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Грузияның солтүстік-шығысында шағын автобус жол апатына түсіп, 17 адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Грузия-Онлайн".


Иконка комментария блок соц сети

Грузияның солтүстік-шығысында шағын автобус жол апатына түсіп, 17 адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Грузия-Онлайн".

Қайғылы оқиға жексенбі, 23 тамызда кешкі уақытта болған. Автобус жардан, Душет муниципалитетіндегі Шатили аулының маңында 80 метр биіктіктен құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, автобустың ішінде Тбилисиден келген туристер отырған. 

Құтқарушылар аман қалған үш адамды анықтаған. Олар ауыр жарақат алған, жағдайы ауыр. Үшеуі ауруханаға жеткізілген. 

Куәгерлердің сөзінше, автобуста барлығы 20 адам - 17 әйел адам мен 3 ер адам отырған. Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы жылдам келе жатып тұрақта тұрған көліктерге соқтығысып, сайға қарай ұшып кеткен.  

Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол апаты болған Бисо аулында Грузияның ішкі істер министрінің орынбасары Иосиф Челидзе мен төтенше жағдай бойынша қызметтің басшысы Темур Мгебришвили келді. 

Шатили аулы тарихи Хевсурети облысында орналасқан. Ол өзінің ортағасырлық тас мұнараларымен белгілі. Жаз мезгілінде мұнараға жүздеген турист келеді. 

Шатилиге баратын жол елдегі ең қауіпті жолдардың бірі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети