Грузиядағы наразылықтар: шерушілер ультиматум қойып, парламент ғимаратына барды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузиядағы наразылықтар: шерушілер ультиматум қойып, парламент ғимаратына барды Фото РИА Новости

8 наурызда Грузияда шетелдік агенттер туралы заң жобасына қарсы жаппай наразылық жалғасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Грузия-Онлайн" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 наурызда Грузияда шетелдік агенттер туралы заң жобасына қарсы жаппай наразылық жалғасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Грузия-Онлайн" сайтына сілтеме жасап.

Тбилисидегі парламент ғимараты алдына тағы мыңдаған адам жиналды. Заң шығарушы органға студенттер, "Әйелдер шеруі" қатысушылары, қарапайым азаматтар, сондай-ақ оппозиция өкілдері барған.

Шерушілер: "Ресей заңына жол жоқ" деп ұрандатты. "Грузия", "Парламентте әйелдерге орын", "Толық бақылауға жол жоқ!", "Еуропалық таңдауды тартып ала алмайды, Еуропа - конституциялық таңдауымыз" деген айқайлар естілді.

Митингке қатысушылар шиеленістің ушығып кетпеуі үшін билікке екі талап қойды.

"Грузин арманы" Ресей заңын парламенттен дереу кері қайтарып алып, кеше заңсыз ұсталған адамдарды босатуы керек", - деді оппозиция жетекшісі Георгий Вашадзе.

Ол талапты орындау үшін билікке бір сағат уақыт берілгенін атап өтті. "Егер бір сағаттың ішінде жауап алмасақ, нақты шаралар қолданылатынын жариялаймыз. Осы жерден Бидзина Иванишвилиге үндеу жолдаймын: ес жиып, грузиндердің еркіне келісіңіз! Ресейдің бұл заңын тез арада парламенттен қайтарып алыңыз!", - деді оппозиционер.

Наразылар парламентке барып, оны қоршап алып, шығатын жолдарды жауып тастады. Арнайы жасақ сонда болды. Полиция демонстранттарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарды қолданған. 70-тен аса адам ұсталды.

Бір күн бұрын заң жобасы бірінші оқылымда қабылданған болатын. Заң аясында 20 пайыздан аса шетелден қаржыландырылатын барлық БАҚ және коммерциялық емес ұйымдар шетелдік агент болып танылады. Сыншылар құжат жобасы Ресейдің қолданыстағы заңнамасына ұқсайды және Грузияны Батыстан алшақтатады дейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети