08 қараша 2015 09:48

ХАК А321 "қара жәшіктерінің" мәліметтерін жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Халықаралық авиация комитеті (ХАК) Мысырда апатқа ұшыраған ресейлік А321 ұшағының "қара жәшіктеріндегі" жазбаларды сараптаудың қорытындыларын жария етті. "Қара жәшіктер" борт жүйесіндегі қандай да бір ақауды тіркемеген, - деп хабарлайды BBC


Халықаралық авиация комитеті (ХАК) Мысырда апатқа ұшыраған ресейлік А321 ұшағының "қара жәшіктеріндегі" жазбаларды сараптаудың қорытындыларын жария етті. "Қара жәшіктер" борт жүйесіндегі қандай да бір ақауды тіркемеген, - деп хабарлайды BBC

"Борт параметр тіркегіші 308 эшелонындағы (9400 метр) биіктікке көтерілу процессінде жазуды тоқтатты. Бұған дейін ұшу штат режимінде өтіп жатқан, ұшақтың жүйелері мен агрегаттарының істен шығуы туралы мәлімет тіркелмеді", - делінген хабарламада. 

Басылымның мәліметінше, ХАК мамандары апат орнында жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ал халықаралық комиссияның басшысы Айман әл-Мукаддам жазбаның соңғы секундтарында бөтен дыбыстың тіркелгенін хабарлады. 

Америкалық және ағылшын арнайы қызметтері қайғылы оқиғаның себебі деп ұшақтың жүк сақталатын орнына қойылған жарылғыш затты атайды. Нақтырақ айтқанда, АҚШ-тың барлау қоғамының аты-жөнін атағысы келмеген мүшелері ДАИШ басшылары мен синай содырларының арасында болған әңгімені байланыс арқылы естігенін хабарлап отыр. Кейінгілері телефонмен сөйлесу барысында ресейлік әуе лайнерін құлатқандарын айтып, мақтанып жатты делінеді. 

Еске сала кетейік, әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі болған. Болжам бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети