28 мамыр 2021 10:36

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Ryanair ұшағын қондыруға қатысы тергеу жүргізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) Ryanair рейсінің мәжбүрлі түрде қонуы және Роман Протасевичтің ұсталу жағдайларына қатысты тергеу жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.


Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) Ryanair рейсінің мәжбүрлі түрде қонуы және Роман Протасевичтің ұсталу жағдайларына қатысты тергеу жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ICAO шешіміне Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб пен Ирландия көлік министрі Имон Райан қолдау білдірген.

"Біз халықаралық құқықтың бұзылуына және Азаматтық авиацияның принциптеріне шабуыл жасауға әкелген барлық жағдайды анықтау үшін халықаралық серіктестерімізге қосыламыз", - делінген Рааб мәлімдемесінде.

"Бұл әрекеттер еуропалық авиация қауіпсіздігіне шабуыл және ЕО-ның екі астанасы арасында саяхаттап жүрген жолаушылар мен экипаж мүшелері өміріне қауіп төндірді", - деді Райан.

IKAO 25 маусымға дейін аралық есеп дайындайды, деді Имон Райан. Тергеу Халықаралық авиация ережелерінің бұзылғанын анықтауы керек. Reuters өзінің ақпарат көздеріне сілтеме жасап, Ресей мен Қытай тергеуді қолдаудан бас тартқанын айтты.

Еске салайық, 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіде шұғыл қонған. "Ұшақ бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылды", - делінген әуежай хабарламасында. Кейін бұл ақпарат расталмады. 

Лукашенко Nexta экс-редакторы мінген ұшақты қондыру туралы бұйрықты өзі берген

Ұшақ бортында журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болған. Nexta 2020 жылғы тамызда Беларусьтегі президенттік сайлаудың нәтижелері жарияланғаннан кейін жаппай наразылық кезінде оппозицияның негізгі алаңдарының бірі болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети