01 мамыр 2014 | 10:42

Халықаралық валюта қоры Украинаға 17 миллиард доллар бөледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық валюта қоры Украинаға арналған жалпы көлемі 17 миллиард долларды қамтитын дағдарысқа қарсы бағытталған екі жылдық бағдарламаны мақұлдады, - деп хабарлайды РИА Новости. БАҚ-тағы ақпараттар бойынша, алғашқы бөлінетін несие көлемі 3,19 миллиард долларды құрайды. УНИАН нақтылап отырғандай, бұл қаражат 5 мамырдан 8 мамырға дейін бөлінуі керек. Оның шамамен 1 миллиард доллары Украинаның Ұлттық банкіне, ал екі миллиарды ел бюджеті тапшылығын жоюға бағытталмақ.

Иконка комментария блок соц сети

Сондай-ақ, Халықаралық валюта қорымен тізе қосуы Украинаға АҚШ-тың, Еуропалық одақ елдерінің және Жапонияның жалпы көлемі 27 миллиард доллар болатын көмек ақшасына қол жеткізуге мүмкіндік бермек деп хабарланады. Бұл арада аталған ұйым өкілдері несиенің екінші және үшінші траншы жайлы ақпаратты нақтылауды кейінге қалдырып отырғанын  айта кетелік. Мұндай шешім Халықаралық валюта қоры екі айда бір рет тексеру өткізетін инспекция қорытындысынан соң шығады.

РИА Новости хабарлап отырғандай, Халықаралық валюта қоры несиеге қол жеткізу үшін Украина алдына бірқатар шарттар қойған. Негізінен, мемлекет ұлттық валюта бағамын қолдан "асыра сілтеп" қолдау шарасынан бас тартуы тиіс, коммуналдық тарифтерді өсіріп, зейнетақы реформасын өткізуі керек және мемлекеттік шығындарды қысқартуы шарт. "Қор тарапынан қолдау тапқан биліктің экономикалық бағдарламасы макроэкономикалық тұрақтылықты қалыпқа келтіруге, экономиканы басқаруды нығайтуға және оны ашық етуге, сонымен қатар әлеуметтік осал топтарды қорғай отырып, мықты әрі сау экономикалық өсімге аяқ басуға бағытталған" деліндеді ХВҚ таратқан мәліметте.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети