27 қазан 2021 | 17:57

Хиросимадағы атом бомбасынан аман қалған адам қайтыс болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияда 1945 жылы Хиросимадағы атом бомбасынан аман қалған Сунао Цубой 97 жасында қайтыс болды. Елдің премьер-министрі Фумио Кисида Twitter-де көңіл айту хатын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жапонияда 1945 жылы Хиросимадағы атом бомбасынан аман қалған Сунао Цубой 97 жасында қайтыс болды. Елдің премьер-министрі Фумио Кисида Twitter-де көңіл айту хатын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше жыл бұрын ол РИА Новостиге өзі куә болған апат туралы айтқан еді.

"Бомба жарылғанда, 20 жаста едім. Жарылыс болған жерге жақын, 1,2 шақырым жерде, әкімдік маңында болдым. Қазір сол жерде Бейбітшілік мемориалды паркі бар. Студент едім, жарылыс институтқа барар жолда болды. Асханада таңғы ас ішіп, шыққалы тұрдым, кіреберісте үш досыммен кездесіп қалдым. Ол кезде тамақты талонмен алатынбыз, үнемі қарнымыз ашатын. Бірақ қатарынан екі рет тамақ ішуге ұялдым. Мен бас тартып, институтқа бара жаттым. Оларға: "күндіз кездесейік!" дедім, - деп еске алды ол.

Бұл достарына айтқан соңғы сөзі еді. Содан кейін достарын көрмеді.

"Мен шыққанда, тоғызыншысы басталды. Атом бомбасы 8.15-те түсті. Институтқа бардым. Олардың үшеуі де сол асханада қайтыс болды. Асханада болғандардың бәрі қайтыс болды. Мен ол жерден алыс болғасын, аман қалдым", - деді Цубой.

Қазір апат болған жерде Бейбітшілік мемориалды паркі және Хиросимадағы атом бомбасына қатысты құжаттар мен экспонаттар сақталған мұражай бар. Атом қаруы бар елдердің тілдерінде аудио нұсқаулықтар бар.

Лаконикалық экспонаттар болған оқиғаның барлық қасіретін қалпына келтіреді. Үш дөңгелекті велосипед. Ол жарылысты кішкентай қожайынымен бірге көрді. Көмірдей қара түске боялған темір түскі ас қорабындағы күріш, бұл - мектеп оқушысынан анасы таба алған жалғыз нәрсе. 

Бірақ Сунао Цубой мұражайға келетіндерді үрейлендіретін экспонаттар іс жүзінде болған оқиғаларды дәл жеткізбейтінін айтты.

"Мұражайда көрсетілген заттар - ойыншықтар. Шын мәнінде, бұл өте қорқынышты және мұрағатта сақталады. Мен жарылыстан кейін көмек сұрауға бара жатқанда көргенімді ешқашан ұмытпаймын. Маған қарсы оқушы келе жатты, оның оң көзі ағып кеткен. Содан кейін басы қансыраған, әйнек кесектері шығып тұрған ер адам. Ол 3-4 қадамнан жүріп, жерге отырды. 30 жастағы әйел. Басында мен ол бірдеңе алып бара жатыр деп ойладым. Ішек екен. Оны ішінде ұстап, қашуға тырысты. Саусақтарының арасынан ішегі көрініп тұрды", - деді Сунао Цубой.

Бомба жарылғаннан кейін ол көп күйік пен жарақат алды, денесі ісінген, бетіне зақым келген.

"Өзім де елеске ұқсап тұрдым: терім сырылған, бетім мен қолдарым күйген, ашық қызыл қан күйік шалған қолымнан ағып жатты", - деді ол.

Ол 90 жастан асқанына, ауруына қарамастан, болашақ ұрпаққа сол кез туралы шындықты жеткізуді өз міндеті санап, сұхбат кезінде журналистермен сөйлесуден бас тартай, болған оқиға туралы сыр шертетін мектептерге барған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети