15 желтоқсан 2017 | 09:08

Хирург науқастардың бауырына өз есімін қалдырып отырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саймон Брэмхолл Саймон Брэмхолл

Ұлыбританиялық сот хирург Саймон Брэмхоллды екі науқастың ағза мүшесінде өз есімін қалдырғаны үшін кінәлі деп тапты, - деп хабарлайды The Telegraph.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық сот хирург Саймон Брэмхоллды екі науқастың ағза мүшесінде өз есімін қалдырғаны үшін кінәлі деп тапты, - деп хабарлайды The Telegraph.

Оқиға 2013 жылы ақпанда және тамызда болған. Ол бауыр ауыстыру отасы кезінде лазерлік сәуле арқылы науқастардың ағза мүшесіне SB әріптерін қалдырып отырған. Брэмхолл "Шабуыл" бабы бойынша өз кінәсін мойындады, алайда денсаулыққа қасақана зиян келтіру бойынша айыптаумен келіскен жоқ. 

Хирургтер лазерлік сәулені аққан қанды тоқтату үшін қолданады, сонымен қатар олар оны ота жасалатын жерді белгілеу үшін пайдаланады. Оның іздері белгілі бір уақыттың ішінде кетіп қалады. Алайда бір науқаста екінші рет ота жасау кезінде басқа бір дәрігердің іздері қалып қойған байқаған. 

Прокурор Тони Бэденочтың айтуынша, "бұл ерекше әрі қиын іс". Мұндай іс бұрын-соңды болмаған. 

Брэмхолл Бирмингемдегі ханшайым Елизавета атындағы ауруханада 12 жыл жұмыс істеген. 2014 жылы тәртіптік тергеу шаралары басталғанда, ол отставкаға кеткен. Сонымен қатар, науқастардың бірі жергілікті Birmingham Mail газетіне берген мақаласында, осы дәрігердің өз өмірін аман алып қалғанын айтып, жұмысқа қайтып шақыруын талап етті. Хирургке 12 қаңтарда сот үкімі шығарылады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети