ХВҚ Украинадағы жұмысын бастайды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ХВҚ Украинадағы жұмысын бастайды Фото ©REUTERS

Халықаралық валюта қоры Украина билігімен келесі траншты бөлу мәселесін талқылайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық валюта қоры Украина билігімен келесі траншты бөлу мәселесін талқылайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

ХВҚ бағдарламасы бойынша Украинаға бөлінетін төлемнің жалпы сомасы Stand-by шартына сай шамамен 5 миллиард доллар болады. 2,1 миллиард доллар көлеміндегі бірінші транш Украина үкіметінің шотына 2020 жылы маусымда түсті. Енді қайта қаралғаннан соң Украина бағдарлама бойынша шамамен 700 миллион доллар болатын үшінші траншты алады деп жоспарланып отыр.

"Иванна Владкова-Голлар бастаған ХВҚ бүгін Украина билігімен ХВҚ-ның қолдау көрсететін бағдарламасын қайта қарау туралы талқылау жұмысын бастайды. Кездесу онлайн режимде өтеді", - деді ХВҚ-ның Украинадағы тұрақты өкілі Ваграм Степанян.

Халықаралық валюта қоры Киевке бөлген қаржы коронавирусқа қарсы күреске, экономиканы қалпына келтіруге және проблемалардың негізгі факторларын азайту үшін құрылымдық реформаларды ілгерілетуге бағытталған.

Украина бұған жауап ретінде салық және бюджет саясатын халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау кезінде қарыздың орта мерзімді тұрақтылығына сай келетін режимге қайтаруға уәде берді. Сондай-ақ, Киев кірісті басқаруды және квази-фискал операциялардан, оның ішінде энергетикадан фискал шамаларды азайтуға уәде берді. Украина басқа да бірқатар міндеттемені өз мойнына алды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу, Ұлттық банк тәуелсіздігін қамтамасыз ету, ақша-кредит саясатын инфляцияны мақсатты деңгейге қайтару және т.б.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети