Сирияның Идлиб қаласында әуе бомбалаудан кейін құтқарушылар қираған ғимараттың астынан қызды алып шыққан, оның жасы небәрі бір ақ айға толған. Бұл туралы ұлыбританиялық Daily Mail басылым хабарлайды.
Сирияның Идлиб қаласында әуе бомбалаудан кейін құтқарушылар қираған ғимараттың астынан қызды алып шыққан, оның жасы небәрі бір ақ айға толған. Бұл туралы ұлыбританиялық Daily Mail басылым хабарлайды.
Абу Кифа есімді еріктіге сәбиді қирандылар астынан шығару үшін екі сағат уақыт кеткен. Нәрестені алып шыққан кезде құтқарушы көз жасын тыя алмады. Сәбидің ата-анасы туралы әзірге мәлімет жоқ.
© Exclusivepix Media
Осы оқиғаны тікелей эфирден баяндап отырған ВВС арнасының жүргізушісі Кейт Сильвертонда көз жасына ерік берді. Кейінірек ол Twitter желісінде, оның жұмысында мұндай жағдайда сезімге бой алдырмауға болмайтынын, алайда ол өзінің де адам екенін жазған.
Басылымның мәліметі бойынша, Идлиб қаласына Асад армиясы мен ресейлік ұшақтар әуе шабуылдарды жасаған. Бір жыл ішінде, әскери операциялар кезінде (2015 жыл 30 қыркүйек) Сирияда 20 мыңға жуық адам жараланған, мыңдаған адам қаза тапқан. Жүз мыңнан аса адам Алеппоның шығысында бұғатталып қалған.
© AFP
Сирияның Идлиб провинциясында бірнеше ай бойы үкімет күштері мен оппозиция арасындаинтенсивті қақтығыстар жүріп жатыр. БҰҰ бұл жағдайды гуманитарлық катастрофа деп атаған.