Йемен жағалауындағы кеме апатынан 42 адам опат болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Йемен жағалауындағы кеме апатынан 42 адам опат болды ©REUTERS

"Йемен жағалауында орын алған кеме апатынан 42 африкалық заңсыз мигрант опат болды" деп хабарлайды AFP Йемен қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Кеме апаты 9 наурыз күні кешке елдің оңтүстігінде орналасқан Шабва провинциясы жағалауынан бірнеше шақырым қашықтықта орын алды. Кеменің апатқа ұшырағаны туралы хабар келіп түскен соң Йеменнің құтқару қызметі 30 адамды судан аман алып шықты. Оқиғаның басқа да мән-жайы туралы қазірге хабар жоқ. Естеріңізге салсақ, ақпан айының басында Йеменнің солтүстік-шығыс жағалауында кеме апаты орын алған болатын. Салдарынан экипаждың 12 мүшесі із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Жоғалған теңізшілер Индия азаматтары.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети