II Елизавета патшайымды жерлеу рәсіміне Путин шақырылмады - БАҚ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

II Елизавета патшайымды жерлеу рәсіміне Путин шақырылмады - БАҚ Фото: ©РИА Новости

Ұлыбритания II Елизавета патшайымның мемлекеттік жерлеу рәсіміне Ресей, Беларусь және Мьянма өкілдерін шақырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания II Елизавета патшайымның мемлекеттік жерлеу рәсіміне Ресей, Беларусь және Мьянма өкілдерін шақырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Британдық БАҚ мәліметінше, Ресей президенті Владимир Путин, сондай-ақ Кремльдің басқа өкілдері Ұлыбритания патшайымы II Елизаветамен қоштасу рәсіміне қатыспайды, өйткені Ресей монархты жерлеу рәсіміне шақырылмаған.

Британ үкіметінің дереккөздері бұл қадам Лондонның Украинадағы қақтығысқа байланысты Ресей мен оның одақтасы Беларусьті оқшаулау ниетіне байланысты деп санайды.

Владимир Путиннің өзі II Елизаветаның жерлеу рәсіміне жеке қатысуды жоспарламаған. Оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков аза тұту шараларына ресейлік өкілдердің қатысуы туралы сұраққа жауап бере отырып, "жерлеуге біреудің қатысуы қаралады дегенге" күмән келтірді.

Путин патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, Ұлыбритания королі III Чарльзді құттықтаған.
 
Сонымен қатар, патшайымның жерлеу рәсіміне Мьянма өкілдері шақырылмаған. Бұл ел де Ұлыбритания санкцияларына ұшыраған.

Лондон марқұм монархпен қоштасу рәсіміне әлемнің көптеген елінен 500-ден аса өкілді ресми шақырған. Негізінен, бұлар мемлекет басшылары, олардың әрқайсына бір ресми өкіл ілесіп жүреді.

19 қыркүйекте жерлеу рәсіміне АҚШ көшбасшысы Джо Байден, Еуропалық Одақтың ұжымдық органдарының басшылығы және еуропалық мемлекеттердің басшылары келеді деп күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети