II Елизаветаның табыты Букингем сарайына жеткізілді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

II Елизаветаның табыты Букингем сарайына жеткізілді Фото: Sky News.

Жеті көліктен тұратын жерлеу кортежі Елизавета II-нің мәйіті бар табытты Лондон резиденциясы - Букингем сарайына жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеті көліктен тұратын жерлеу кортежі Елизавета II-нің мәйіті бар табытты Лондон резиденциясы - Букингем сарайына жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News арнасына сілтеме жасап.

Лондонның орталығына барар жолда аза тұтушылар жолдың екі жағына жиналып, шеруді тамашалады.

Көлікті сарайда Ұлыбритания королі Чарльз III, Королева Консорт Камилла, Уэльс ханзадасы Уильям және оның әйелі ханшайым Кейт қарсы алды. Елизавета II-нің қызы Анна ханшайым анасының денесін Балморалдан Букингем сарайына дейін алып жүрді.

Сәрсенбіге қараған түні патшайымның денесі Букингем сарайының мемлекеттік бөлмелерінің бірінде болады. Король отбасының жақын мүшелері, сарай қызметкерлері қоштасу рәсімін өткізді. Сәрсенбі күні табыт Вестминстер сарайына жеткізіледі, онда ол дүйсенбі таңертеңге дейін болады.

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-ні жерлеу рәсімі дүйсенбі, 19 қыркүйекте өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети