Илон Маск дүние жүзіндегі ең бай адам атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илон Маск дүние жүзіндегі ең бай адам атанды Илон Маск © gettyimages.com

Tesla және SpaceX басшысы Илон Маск дүние жүзіндегі ең бай адам атанды, оның байлығы 188 миллиард доллар деп бағаланды. Осылайша, Маск 2017 жылдан бері бірінші орында келе жатқан Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безосты басып озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

The Verge басылымы Bloomberg Billionaires Index-ке сілтеме жасап, Масктың байлығы 188 миллиард доллар деп бағаланғанын хабарлады. 

CNBC мәліметінше, Илон Маск 2020 жылды 27 миллиард доллармен бастап, топ-50-ге әрең іліккен. Бірақ бір жылда Tesla акциялары бес есе өскен. Шілде айында Маск Уоррен Баффеттен озып, миллиардерлер тізімінде жетінші орынға жайғасты. 2021 жылы Tesla сатылымы көбейе түсті: қаңтарда компания бір жылда жарты миллион автокөлік шығарғаны туралы есеп берді. 

Айта кетейік, дүние жүзінің ең бай адамдары туралы Forbes пен Bloomberg рейтингі әлі жаңармады - ол тізім бойынша кәсіпкер әлі де екінші орында. 

Маск дүние жүзіндегі ең бай адам атанғаны туралы Twitter желісінде білді. Кәсіпкер оған екі жазба арқылы жауап берген. Бастапқыда: "Қызық" деп, артынша: "Жұмысқа кірісейік" деп қысқа қайырған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети