04 желтоқсан 2018 15:28

Илон Маск қазақстандық екі Жер серігін ғарышқа ұшырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© SPACE.COM © SPACE.COM

Ғылыми-технологиялық мақсаттағы қазақстандық екі ғарыш аппараты (ҒТМ ҒА) ғарыш жүйелері - KazSTSat микроспутнигі мен KazSciSat-1 наноспутнигі Falcon 9 тасымалдағыш зымыранымен Калифорниядағы Вандерберг ғарыш айлағынан ұшырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ғылыми-технологиялық мақсаттағы қазақстандық екі ғарыш аппараты (ҒТМ ҒА) ғарыш жүйелері - KazSTSat микроспутнигі мен KazSciSat-1 наноспутнигі Falcon 9 тасымалдағыш зымыранымен Калифорниядағы Вандерберг ғарыш айлағынан ұшырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұшыру шарасы 2018 жылы 4 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 00:32-де орындалды. ҒТМ ҒА мақсаты - жобалау технологияларын жетілдіру, жинау және төменгі орбиталы ғарыш аппараттарын сынау, Жер ионосфераларына ғылыми зерттеу жүргізу, технологиялық жүктемелер (меншікті әзірлемелердің қосалқы жүйелері) үшін ұшу тарихын алу.

"Жалпы миссияға әлемнің 17 елінен 64 ғарыш аппараттары (15 микроспутниктер және 49 наноспутниктер) жіберілді. Осы ұшырылым АҚШ өндірісіндегі тасымалдағыш зымыранымен ұшырылатын спутниктер санынан рекордтық көрсеткішке ие болып табылады. Айта кету керек, 2018 жылы 23 қазанынан "Ғалам" ЖШС инженерлері "SSTL", "Spaceflight" және "SpaceX" компанияларындағы өздерінің әріптестерімен бірлесіп тасығыш зымыранның ғарыштық бастиек бөлігінің модуліне спутниктер орнатты", - делінген ҚР ҚАӨМ хабарламасында. 

Алғаш рет ғарыш аппараттарын құруға ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің қарамағындағы "Қазақстан Ғарыш сапары" ҰК" "Ғалам" ЖШС мен ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің қарамғындағы "Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар Ұлттық орталығы" Ғарыштық техникалар мен технологиялар институты қатысты.

РН Falcon 9 - бұл америкалық "SpaceX" компаниясының орта санатты "Falcon" сериялы зымыран-тасығышы, тасымалдағыш зымыранның бірінші сатысында орналасқан ол 9 Merlin сұйықтық зымыран қозғалтқышын қосады. "Spaceflight" компаниясы "Falcon" ТЗ ұшырылымдарының коммерциялық операторы болып табылады. 62 ұшырылымның 60-ы сәтті ұшырылды, олардың соңғылары биыл 10 қыркүйегінде ұшырылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети