Илон Маск Украинадағы соғыс туралы болжам жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илон Маск Украинадағы соғыс туралы болжам жасады depositphotos.com

Илон Маск Трамптың жоспарының арқасында Украинадағы соғыс жақын арада аяқталатынын болжады. Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илон Маск Трамптың жоспарының арқасында Украинадағы соғыс жақын арада аяқталатынын болжады. Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпкер Newsweek-тің жаңалығына пікір білдірді. Онда Трамп Ресей мен Украина арасындағы майдан шебінде 800 мильдік демилитаризацияланған аймақ құратыны, онда ұлыбританиялық және еуропалық әскер орналасатыны айтылады.

"Жақында мағынасыз кісі өлтіру аяқталады. Соғыс өртін тұтатушылар мен алыпсатарлардың уақыты бітті", - деп жазды Маск Х желісінде.

Америка Құрама Штаттарының билігі болашақта қақтығыс қайта басталмауы үшін Киевке қару-жарақ жеткізеді деп болжанып отыр.

Дональд Трамп NBC телеарнасына берген сұхбатында АҚШ президентін сайлауда жеңіске жеткеннен кейін Ресей президенті Владимир Путинмен әлі сөйлеспегенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети