Илон Масктың компаниясы адам миына чип енгізді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илон Масктың компаниясы адам миына чип енгізді Midjourney нейронжелісі арқылы жасалған сурет

Америкалық миллиардер әрі кәсіпкер, SpaceX және Tesla негізін қалаушысы Илон Маск бірінші адам миына Neuralink имплантын енгізу процедурасынан өткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық миллиардер әрі кәсіпкер, SpaceX және Tesla негізін қалаушысы Илон Маск бірінші адам миына Neuralink имплантын енгізу процедурасынан өткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы миллиардер X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Бірінші адам кеше Neuralink-тен имплант алды және отадан кейін жақсы сауығып келеді", - деді ол.

Масктың айтуынша, құрылғы жұмысы туралы алғашқы мәліметтер жақсы нәтижелерді көрсеткен.

Еске салайық, 2023 жылғы қыркүйекте америкалық бизнесмен Илон Масктың нейротехнологиялық компаниясы Neuralink импланттарды миға енгізу бойынша клиникалық сынақтар үшін еріктілерді тарта бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети