Индонезиядағы жағалауда құлаған Lion Air ұшағының бортында 189 адам болған, олардың арасында 181 жолаушы, олардың үшеуі бала және экипаждың төрт мүшесі болыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Индонезиядағы жағалауда құлаған Lion Air ұшағының бортында 189 адам болған, олардың арасында 181 жолаушы, олардың үшеуі бала және экипаждың төрт мүшесі болыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Ұшақ радардан жоғалып, жағалауға құлар алдында әуежайға қайта оралу туралы сұрау жолдаған, бұл туралы Синьхуа агенттігі көлік министрлігінің өкілі Бамбанг Эрванға (Bambang Ervan) сілтеме жасап хабарлады.
Serpihan pesawat Lion Air JT 610 yang jatuh di perairan Karawang. Beberapa kapal tug boad membantu menangani evakuasi. Video diambil petugas tug boad yang ada di perairan Karawang. pic.twitter.com/4GhKcRYkpG
— Sutopo Purwo Nugroho (@Sutopo_PN) 29 октября 2018 г.
Lion Air JT610 рейсі жолаушыларының туыстары. © Reuters.
Бұған дейін Jakarta Post газетінің интернет нұсқасы Индонезияның төтенше жағдайды еңсеру бойынша агенттігіне (Basarnas) сілтеме жасап Lion Air әуе компаниясының Boeing 737 ұшағымен таңертең байланыстың жоғалып, Индонезиядағы Ява аралының батыс жағалауындағы теңізге құлағанын хабарлады.
"Ұшақ радардан жоғалмай тұрып әуедиспетчерлік қызметтен базаға оралу туралы сұраған", - деп мәлімдеді Эрван агенттікке.
Lion Air ресми өкілі Lion Air JT610 ұшағының жолаушылар тізімін тексеріп жатыр. © Reuters.
Lion Air бюджеттік әуе компаниясының Boeing 737 MAX лайнері Джакартадан Суматра аралына жергілікті уақыт бойынша сағат 06.20-да (Астана уақытымен сағат 05.20-да) ұшып шығып, 06.33-те (Астана уақыты бойынша сағат 05.33-те) жоғалып кеткен. Батыс Яваның жағалауындағы теңізде ұшақ қалдықтары жатқаны туралы алғашқы хабарлама теңізшілерден сағат 06.45-те (Астана уақытымен 05.45-те) келіп түскен.
Lion Air Flight 610 here is a short movie as it progressed through the flight. #LionAir #BreakingNews #LionAircrash pic.twitter.com/C8LDhmoKAo
— ???? ???????? Kyle (@Kyle172) 29 октября 2018 г.
Посмотреть эту публикацию в Instagram