24 ақпан 2021 12:26

Индонезияда "адамға ұқсайтын" акула ауланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Индонезияда Роте аралының жағалауында балықшының қармағына ерекше акула түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Индонезияда Роте аралының жағалауында балықшының қармағына ерекше акула түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Абдулла Нурен есімді балықшы ересек акуланы кездейсоқ ұстап, оны үйіне алып кеткен.

Ер адам оны сату үшін сойып жатқанда ішінен үш баласы шыққан. Екі акуланың түрі әдеттегідей болса, үшіншісінің тұмсығы басқаша болып шыққан. Балықшы оны адамға ұқсатты. 

"Екеуі анасы сияқты, ал үшіншісінде адамның түрі", - дейді Нурен.

Балықшы көршілері акуланы сатып алғысы келетінін айтты, бірақ ол бас тартыпты. 

"Акуланы көргісі келген адамдар үйіме лық толды. Мен балықты өзіме қалдырамын. Бұл маған сәттілік әкеледі деп ойлаймын", - дейді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети