Өткен аптада Индонезияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқан адамдар саны 387-ге жетті, - деп хабарлайды РИА Новости.
Өткен аптада Индонезияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқан адамдар саны 387-ге жетті, - деп хабарлайды РИА Новости.
Осыған дейін, жер сілкінсінен қаза тапқандар саны 321 адам болғаны айтылған еді.
Елдегі табиғи апаттардың салдарын жою ұлттық басқармасының (BNPB) өкілдері қаза тапқандар саны артуы мүмкін екендігін айтады. Адамдар қирандылар арасында не сел жүруіне байланысты балшықтың астында болуы мүмкін. Ведомстводағылар, қаза тапқан адамдар туралы жергілікті билік өкілдеріне айтылмаған болуы мүмкін.
BNPB мәліметінше, 13 мыңнан аса адам зардап шекті, 387 мың адам өз үйлерінен кетуге мәжбүр болған.
Өткен аптада Индонезияның солтүстігіндегі Ломбок аралында 7 балдық жер сілкінісі болды, артынша 5,4 және 4,3 балдық автершок болды.