Индонезиядағы әуе апаты: Құрбандарды іздеу тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индонезиядағы әуе апаты: Құрбандарды іздеу тоқтатылды © REUTERS

Индонезия билігі Lion Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағында болған адамдарды іздеу жұмыстарын сенбіде аяқтады, апаттан бері екі аптадан аз уақыт өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индонезия билігі Lion Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағында болған адамдарды іздеу жұмыстарын сенбіде аяқтады, апаттан бері екі аптадан аз уақыт өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

"Кешеден бүгінге дейін құрбандарды таба алмадық, сондықтан, іздеу-құтқару операцияларының аяқталғанын мәлімдеймін. Біз операциялар кезінде әркімнің тілегін қанағаттандыра алмасақ, қоғамнан, әсіресе құрбандардың отбасыларынан кешірім сұраймыз", - деді іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша басқарманың басшысы Мухаммада Суяги Сяуги.

Алайда лайнердің екінші қара жәшігін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, 29 қазанда Джакарта әуежайынан ұшып шыққан Lion Air әуекомпаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Индонезия жағалауына құлаған Lion Air ұшағының бортында елдің Қаржы министрлігінің 20 шенеунігі болған. ТЖ жөніндегі Ұлттық агенттік өкілдері апаттан ешкімнің де аман қалмағанын хабарлады.

Lion Air бюджеттік әуе компаниясының Boeing 737 MAX лайнері Джакартадан Суматра аралына жергілікті уақыт бойынша сағат 06.20-да (Астана уақытымен сағат 05.20-да) ұшып шығып, 06.33-те (Астана уақыты бойынша сағат 05.33-те) жоғалып кеткен. Батыс Яваның жағалауындағы теңізде ұшақ қалдықтары жатқаны туралы алғашқы хабарлама теңізшілерден сағат 06.45-те (Астана уақытымен 05.45-те) келіп түскен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети