Индонезия жағалауына құлаған Lion Air ұшағының бортында елдің Қаржы министрлігінің 20 шенеунігі болған, - деп хабарлайды РИА Новости.
Индонезия жағалауына құлаған Lion Air ұшағының бортында елдің Қаржы министрлігінің 20 шенеунігі болған, - деп хабарлайды РИА Новости.
Сондай-ақ, қаза тапқан бір адамның табылғаны хабарланып отыр. Өз кезегінде ТЖ жөніндегі Ұлттық агенттік өкілдері апаттан ешкімнің де аман қалмағанын хабарлады.
Lion Air бюджеттік әуе компаниясының Boeing 737 MAX лайнері Джакартадан Суматра аралына жергілікті уақыт бойынша сағат 06.20-да (Астана уақытымен сағат 05.20-да) ұшып шығып, 06.33-те (Астана уақыты бойынша сағат 05.33-те) жоғалып кеткен. Батыс Яваның жағалауындағы теңізде ұшақ қалдықтары жатқаны туралы алғашқы хабарлама теңізшілерден сағат 06.45-те (Астана уақытымен 05.45-те) келіп түскен.