Instagram жұлдызы өзінің тоналғанын видеоға түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram жұлдызы өзінің тоналғанын видеоға түсіріп алды © instagram.com/trofimova_alisha

Новосибирск қаласының тұрғыны Алина Трофимова Periscope желісінде эфир жүргізіп отырып, тонаушының құрбаны болды. Қылмыс 11 қарашада болған, бірақ Рунет қолданушылары видеоға енді ғана назар аударып отыр. Бұл туралы жергілікті НГС.Новости порталы жазады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Новосибирск қаласының тұрғыны Алина Трофимова Periscope желісінде эфир жүргізіп отырып, тонаушының құрбаны болды. Қылмыс 11 қарашада болған, бірақ Рунет қолданушылары видеоға енді ғана назар аударып отыр. Бұл туралы жергілікті НГС.Новости порталы жазады.

"Сол күні мен достарыммен кездесуім керек болған. Сұлулық салонынан шығып, Periscope желісінде трансляция жүргізіп отырғанмын, әдетте осылай істеймін. Ойламаған жерден "Мерседесіме" жолаушы орындығына белгісіз біреу келіп отырып алды. Достарымның бірі екен деп ойлап қалдым, сосын ғана мұның тонау екенін ұқтым", - дейді Алина Трофимова.

Оның айтуынша, тонаушы одан банкоматқа барып, ақша шешіп беруді талап еткен. Қыз қорқып тұрғанын, көліктен шығуын сұрайды. Бірақ ер адам видеоға түсіп қалғанын көргенше оны тыңдамаған. Сол уақытта ғана ол екі мың рубль ақшасын алып, қашып кетпек болған. 

Осы уақытта автомобильге Periscope желісінен трансляцияны көріп отырған Алинаның достары келіпті. Алинаның айтуынша, олар ер адамды көліктен шығарып алған. Бірақ ер адам қалтасынан тапаншасын шығарып, қашып үлгерген.

Оқиғадан кейін қыз полицияға хабар берді. Кадрға түсіп қалған ер адам іздеуде жүр екен. Ол қылмыскердің суретін Instagram желісіндегі 64 мың қолданушы жазылған аккуантында жариялап, оны іздестіруге көмек көрсетуді сұрады.

Ер адамның сыбайласы болуы мүмкін екендігі айтылады. Іс тергеліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети