Intel компаниясы Ресейдегі қызметін тоқтатты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Intel компаниясы Ресейдегі қызметін тоқтатты Фото: ©REUTERS

Америкалық ірі процессор өндіруші Intel Ресейдегі қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық ірі процессор өндіруші Intel Ресейдегі қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания сайтына сілтеме жасап.

Қазір Ресейде Intel компаниясының барлық бизнес қызметі тоқтатылғаны айтылған. Компания наурыздың басында Ресей мен Беларуське өнімдерін жеткізуді тоқтатқанын хабарлады.

"Біз Ресейдегі барлық бизнес операцияны дереу тоқтаттық. Бұл Ресей мен Беларусьтегі тұтынушыларға барлық жеткізілімдерді тоқтату туралы шешімімізден кейінгісі", - делінген компанияның сайтында.

Intel - 1968 жылы құрылған америкалық компания. Бұл - электрон құрылғылар мен компьютер компоненттерін әзірлеуші ​​және өндіруші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети