21 қаңтар 2020 | 14:38

Интерпол экс-басшысы Қытайда 13,5 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мэн Хунвэй Мэн Хунвэй

Қытайдың Тяньцзин соты Интерполдың экс-басшысы Мэн Хунвэйді 13 жарым жылға парақорлық үшін соттады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Қытайдың Тяньцзин соты Интерполдың экс-басшысы Мэн Хунвэйді 13 жарым жылға парақорлық үшін соттады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Интерпол экс-басшысы (Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрінің бұрынғы орынбасары) Мэн Хунвэй 2019 жылы жазда 2 миллион доллар пара алғанын мойындады. 21 қаңтарда сот үкімі шықты. Бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек, сот экс-шенеунікке екі миллион юань (11 миллион теңге) айыппұл салды. 

Мэн Хунвэй сот үкімімен келісті және апелляцияға арыз бермейді. 

2018 жылдың күзінде БАҚ Францияда Интерпол президентінің жоғалуына байланысты тергеу басталғанын хабарлады. Мэн Хунвэй 29 қыркүйекте Қытайға ұшып кетті және сол сәттен бастап байланысқа шықпады. Интерпол президентінің жоғалып кеткені туралы ұйымның штаб-пәтері орналасқан Леонда балалармен бірге тұратын оның әйелі хабарлаған. 

Қытай билігі кейіннен Интерпол басшысы заң бұзды деп айыптады. Лиондағы Бас хатшылық ұйымның президенті ретінде Хунвей Мэнінің өкілеттігін тоқтату туралы өтініш алды. Қарашада Франция билігі оның жоғалуына байланысты тергеу шараларын тоқтатты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети