Иорданияда америкалық әскерилер қаза тапты: АҚШ Иранға жаңа соққы жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иорданияда америкалық әскерилер қаза тапты: АҚШ Иранға жаңа соққы жасады Фото: x.com/CENTCOM

Жұма күні Иранның Иорданияға баллистикалық зымырандар және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасаған шабуылынан АҚШ-тың екі әскери қызметшісі қаза тауып, тағы бір сарбаз хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW-ке сілтеме жасап.


Басылым мәліметінше, бұл туралы сенбі, 18 шілдеде АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Х әлеуметтік желісінде хабарлаған.

Қолбасшылық америкалық төрт сарбаз медициналық көмек көрсету үшін Иорданиядағы ауруханаларға жеткізілгенін мәлімдеген. Тағы бірнеше әскери қызметші жеңіл жарақат алып, кейін өз міндеттерін атқаруға қайта оралған.

Осылайша, материалда Иранмен соғыс басталғалы қаза тапқаны ресми расталған америкалық әскерилердің саны 16-ға жеткені айтылады.

The Wall Street Journal газеті америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап, Иранның Иорданиядағы Әл-Азрак авиабазасына шабуыл жасағанын хабарлады. АҚШ Қарулы күштері бұл базаны Иранға қарсы әскери операциялар кезінде жауынгерлік ұшақтарды ұшыру үшін пайдаланған.

Бұған дейін Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Әл-Азрак авиабазасына жасалған шабуыл кезінде екі жойғыш ұшақ пен тағы үш әуе кемесі жойылғанын мәлімдеген болатын.

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты.

"Бұл өте өкінішті. Мұндайды көру бізге ауыр тиеді. Бірақ бұл еліміздің игілігі үшін", - деді ол NewsNation телеарнасына берген сұхбатында.

Пентагон басшысы Пит Хегсет Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында CENTCOM мәлімдемесімен бөлісіп, АҚШ-тың әскери қимылдарды жалғастыратынын аңғартты.

"Қаһармандар, Құдай сіздерге жар болсын. Сіздердің құрбандықтарыңыз біздің жігерімізді қайрай түседі", - деп жазды ол.

Кейінірек АҚШ Орталық қолбасшылығы Х әлеуметтік желісінде америкалық әскерилердің Иранға жаңа әуе соққыларын жасай бастағанын хабарлады.

"Бұл соққылар Иранның Ормуз бұғазындағы коммерциялық кеме қатынасына қауіп төндіру қабілетін одан әрі әлсіретуге, сондай-ақ өткен түнде Иорданиядағы америкалық әскерилерге шабуыл жасаған Ислам революциясы сақшылар корпусының күштерін тез арада жазалауға бағытталған", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұл - АҚШ күштерінің Иран аумағына қатарынан сегізінші түн соққы жасауы.

БАҚ мәліметінше, Пентагон хаттамасына сәйкес, қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері олардың жақын туыстарына хабар берілгеннен кейін кемінде 24 сағат өткен соң ғана жарияланады. Жараланған сарбаздардың аты-жөні де әдетте ашық айтылмайды.

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты әлемнің түкпір-түкпіріндегі америкалықтарды барынша сақ болуға шақырған еді. Ведомство тиісті ескертуді ресми сайтында жариялады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +38
Астана +29
Ақтау +29
Ақтөбе +23
Атырау +29
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +30
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +31
П
Павлодар +22
Петропавл +34
С
Семей +42
Т
Талдықорған +38
Тараз +41
Түркістан +27
О
Орал +31
Ө
Өскемен +41
Ш
Шымкент +37

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер