06 қараша 2017 10:08

Ирак 45 жылдан кейін алғаш рет "Жаһан аруы" байқауына өз сұлуын қатыстырмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/sarahidan © instagram.com/sarahidan

45 жылдан кейін алғаш рет Ирак сұлуы Лас-Вегаста өтетін "Жаһан аруы" байқауына қатысқалы жатыр, - деп хабарлайды SHAFAQ News.


45 жылдан кейін алғаш рет Ирак сұлуы Лас-Вегаста өтетін "Жаһан аруы" байқауына қатысқалы жатыр, - деп хабарлайды SHAFAQ News.

Бұл байқауға Ирак атынан 27 жастағы Сара Айдан аттанады. Ол Бағдадта өткен сұлулық байқауында екінші орын иеленген екен. Ал бірінші орыннан көрінген сұлудың тұрмыста екені анықталып, ол конкурстан шеттетілген болатын. 

Соңғы рет Ирак сұлуы "Жаһан аруы" байқауына 1972 жылы ғана қатысқан екен. Ол кезде Пуэрто-Рикода өткен байқауға Вайдан Сулейман қатысқан. 

"Жаһан аруы" - жыл сайынғы сұлулар байқауы. Бұл конкурсқа ұлттық іріктеуден өткен арулар қатысады. Байқау жеңімпазымен бір жылға келісімшарт жасалады. Осыдан кейін ол жарнамалық науқандарға қатысып, әлем елдерін аралайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети