Иракта АҚШ консулдығы маңына бірнеше зымыран құлады - БАҚ

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иракта АҚШ консулдығы маңына бірнеше зымыран құлады - БАҚ Фото ©REUTERS

Жексенбіге қараған түні Ирактың солтүстігіндегі Эрбил қаласында жарылыс болды. АҚШ консулдығы маңына бірнеше зымыран құлаған. Бұл туралы ақпаратты Ирактың қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сүйеніп, "Шафак ньюз" жаңалықтар порталы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Зымырандар АҚШ консулдығы мен "Күрдістан 24" телестанциясы маңына, Эрбилдегі Салах-эд-Дин деген жерге құлады. Жарылыс нәтижесінде "Күрдістан 24" телеарнасының ғимаратына материалдық залал келтірілді", - делінген хабарламада.

Ирактың Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, қаза тапқандар жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети