18 ақпан 2014 19:25

Иракта бірнеше жарылыс болып, 50-ге жуық адам өлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Иракта бір мезгілде ондаған көлік жарылып, 50-ге жуық адам қаза тапты деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап. Араб бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Ирак астанасының орталық бөлігінде ондаған көліктің ішіне салынған жарылғыш заттардың іске қосылуы салдарынан кем дегенде 49 адам қаза тапты. Тағы ондаған адам жарақат алды. Бұған дейін жарылыстардан 19 адамның қаза тапқаны туралы хабар тараған еді, құрбандардың қатары көбейіп жатыр. Жарылғыш заттар Бағдадтың және Хилла, Муссайиб, Искандария елді мекендерінің аумағындағы көліктердің ішіне салыныпты. Қаңтардан бері Иракта жарылыстар жиілей түсті. 19 қаңтарда Бағдадтың бес бірдей ауданында террорлық әрекет болып, 14 адам қайтыс болған еді. Одан төрт күн бұрын - 15 қаңтар күні Бағдад пен Бакуба қалаларында жарылыс ұйымдастырылып, нақтыланған мәлімет бойынша, 73 адам опат болды, 128 адам жараланды. 15 қаңтар соңғы екі жыл ішіндегі ең қанды күн атанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети