Иракта ДАИШ басшысының орынбасары ұсталғаны хабарланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ирак әскері ДАИШ террористік тобы (Ислам мемлекеті - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) жетекшілерінің бірін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ирак әскері ДАИШ террористік тобы (Ислам мемлекеті - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) жетекшілерінің бірін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Ирактың премьер-министрі Мұстафа әл-Казыми мәлімдеді. Оның сөзінше, арнайы операция елден тыс жерде жүргізілген.

"Біздің ISF (Ирак қауіпсіздік күштері) әскери күштері сайлау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салып жатқанда, INIS (Ирак Ұлттық барлау қызметтері) Сами Жасимді ұстау бойынша күрделі сыртқы операция жүргізді", - деп жазды ол Twitter-де.

Арнайы операция қалай өткені хабарланбады.

Басылым мәліметінше, Жасим террористік топ ішінде қаржыны басқарған және ол АҚШ үкіметі іздеуіндегі ең қауіпті лаңкестердің бірі. 2015 жылы АҚШ билігі оны ұстаған адамға 5 миллион доллар беруге уәде еткені де жазылды.

"2014 жылы оңтүстік Мосуледе ДАИШ орынбасары ретінде Жасим мұнай, газ, ежелгі заттар мен минералдарды заңсыз сатудан түскен кірістерді бақылай отырып қаржы министріне балама функцияларды атқарған", - делінген Федералды тергеу бюросы хабарламасында.

Сонымен қатар, Жасим 2019 жылы Сирияның солтүстік-батысында америкалықтардың қолынан қайтыс болған ұйым жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің көмекшісі болғаны айтылады.

Бұған дейін тәліптер Кабулда ДАИШ лаңкестерінің бір тобы жойылғанын хабарлаған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro