Иракта ДАИШ-пен байланысы бар деген 38 адам атылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ирактың Әділет министрлігі елдің оңтүстігінде ДАИШ террористік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған - Авт.) бұрынғы 38 содырының өлім жазасы орындалғанын мәлімдеді. Бұл туралы The Independent хабарлап отыр. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ирактың Әділет министрлігі елдің оңтүстігінде ДАИШ террористік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған - Авт.) бұрынғы 38 содырының өлім жазасы орындалғанын мәлімдеді. Бұл туралы The Independent хабарлап отыр. 

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта Ирак түрмелерінде ДАИШ-пен байланысы бар деген айыппен ондаған мың адам отыр. Елдегі заң бойынша, күдікті экстремистік ұйыммен қатысы болған жағдайда не өлім жазасына кесіледі, не өмір бойына бас бостандығынан айырылады. 

Human Rights Watch құқыққорғаушылары осы айдың басында бұрынғы содырлаға қатысты өлім жазасын беруде процестік нормалар бұзылатынын - айыпталушыларға бірінші инстанциядағы соттың шешіміне шағым түсіруге мүмкіндік бермейтінін мәлімдеген. Билік өкілдері өз кезегінде сотталушыларға апелляция беруге барлық мүмкіндік жасалғанын айтты.

Lenta.ru мәліметінше, содырлардың бұған дейінгі өлім жазасын орындау жағдайы 25 қыркүйекте болған. Сол кезде 42 сотталушының өлім жазасы орындалған. 

Мұның алдында Ирак сарбаздары Синджар қаласының маңында, елдің солтүстік-батысында 140 бейбіт тұрғынның мүрдесін тапқаны хабарланған, олардың ішінде балалар мен әйелдер де болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro