Ирактың қазіргі премьер-министрі Нури аль-Малики өзінің мұрагері Хайдар аль-Абадиді мойындайтынын және соңғы тоғыз жылдан бері атқарып келген үкімет басшысы қызметінен кететінін айтты, деп хабарлайды AFP.

Еске саламыз, Ирак президенті Фуад Маасум тамыздың 11-і күні ең ірі "Ұлттық альянс" шииттер парламенті бірлестігінің кандидаты Хайдар аль-Абадиге үкіметті жасақтауды тапсырған еді. Ал, Аль-Малики болса президенттің бұл әрекетін конституцияға қайшы екен, аль-Абадидің тағайындалуын мойындамайтынын айтып, Федералды сотқа шағым түсірген болатын.
Алайда аль-Абадидің елдің премьер-министр қызметіне тағайындалуын АҚШ, Еуропалық одақ, Араб мемлекеттер лигасы, Иран, Сауд Арабиясы мен Түркия қолдап отыр.