Иран "Международные авиалиний Украины" ұшағының апатқа ұшырау себебін АҚШ, Украина және Канадамен бірлесе тергеуді ұсынды, - деп хабарлайды CNN.
Иран "Международные авиалиний Украины" ұшағының апатқа ұшырау себебін АҚШ, Украина және Канадамен бірлесе тергеуді ұсынды, - деп хабарлайды CNN.
Хабарландыруға сәйкес, Иран авиациялық билік өкілдері АҚШ-тың Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңестің (NTSB) мамандарын украиналық ұшақты тексеруге шақырды. Телеарна мәліметінше, америкалықтарға тергеуге қатысуға рұқсат беру - маңызды, бұл Boeing компаниясына тергеуге араласуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, Иран тергеуге қатысуға Канаданың Көліктегі қауіпсіздік кеңесін (TSB) шақырды. Канада ведомствосының баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, кеңес Иранның шақыруын қабылдап, апат орнына баруға дайындалып жатыр.
Investigations on the cause of the Ukrainian plane crash have launched based on Int. standards & ICAO regulations; Ukraine and Boeing have been invited- as the owner & the manufacturer- to take part in it. We appreciate any country who can provide info to the Committee in charge. pic.twitter.com/62UQsdSf6R
— S.A MOUSAVI (@SAMOUSAVI9) January 9, 2020
Сондай-ақ, Иран СІМ өкілі Twitter-де Украина мен Boeing компаниясын тексеру жұмыстарына шақырғанын хабарлады.
Айта кетейік, таяуда Иранда қайғылы оқиға болды: Тегеран әуежайына жақын маңда украиналық ұшақ құлады. Төтенше жағдай салдарынан 167 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі қаза тапты.
Бүгін Иран билігі әуеапатына байланысты тергеудің алғашқы нәтижелерін жариялады. Олардың мәлімеінше, украиналық ұшақ әуеде өртенген. Ұшақтың әуежайға кері қайтқан, алайда экипаж мүшелері диспетчерлерге ештеңе айтпаған.