08 қаңтар 2020 09:07

Иран БАӘ мен Израильге соққы жасауы мүмкін екенін мәлімдеді

© Reuters

Иранның Ислам революциясы күзетіндегі корпусы (ИРКК) Біріккен Араб әмірліктері мен Израильге соққы жасауы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы CNN басылымы жазады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранның Ислам революциясы күзетіндегі корпусы (ИРКК) Біріккен Араб әмірліктері мен Израильге соққы жасауы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы CNN басылымы жазады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылымның мәліметінше, Иран Дубай мен Хайфа қалаларына шабуыл жасамақ. ИРКК өкілдері Израильдің Иран генералы Касем Сулеманидің өліміне қатысы бар екенін айтады.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, осы ұйымның өкілдері Иранға қарсы қандай да бір әрекеттерге барғандарға шабуыл жасалатынын мәлімдеді.

"Кегіміз қорқынышты болады". Иран неге АҚШ-қа тіс қайрап отыр?

Еске салайық, мұның алдында АҚШ-тың Ирактың батысындағы Эйн-әл-Асад әскери базасына зымыран соққысы жасалғаны хабарланған еді. "ИРКК Ирактағы Эйн-әл-Асад америкалық әуебазасы бойынша он зымыран соққысы жасалғанын растайды", - делінген хабарламада. Телеарна мәліметтері бойынша, соққы - америкалықтардың Иран генералы Касем Сулейманидің өлтіруіне жауабы.

Осыдан кейін АҚШ-тың әскери базаларына соққының екінші толқыны жасалғаны хабарланған болатын.

"Соғысты Америка бастады". Иран ядролық келісімнен бас тартты

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram