Иран билігі әдеп полициясы жойылғанын жариялады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран билігі әдеп полициясы жойылғанын жариялады CNN

Иран билігі әдеп полициясы жойылғанын жариялады, - деп хабарлайды "Аль-Арабия".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран билігі әдеп полициясы жойылғанын жариялады, - деп хабарлайды "Аль-Арабия".

Билік бұл шешімге келмес бұрын республикада екі жарым айға созылған жаппай наразылық пен тәртіпсіздіктер болған еді.

Басылым мәліметінше, Иран билігі Махса Амини әйелдердің қатаң киім үлгісін бұзып, қамауға алынған оқиғасынан кейін туындаған екі айдан аса уақытқа созылған наразылықтардан соң әдеп полициясы бөлімшелерін таратқан.

Бас прокурор Мұхаммед Джафар Монтазери әдеп полициясының сот жүйесіне ешқандай қатысы жоғын және оның жойылғанын мәлімдеген.

Еске салайық, Ирандағы жалпыұлттық наразылық хиджабты дұрыс кимегені үшін әдеп полициясы тұтқындаған соң қайтыс болған 22 жастағы күрд қызы Махса Аминаның өліміне байланысты басталған еді.

Ал Иран президенті Ибрахим Раиси АҚШ пен президент Джо Байденді елдегі ретсіздікті қоздырды деп айыптаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети