15 маусым 2021 16:19

Иран коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеп шықты - БАҚ

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Иран билігі коронавирус инфекциясына қарсы елде шығарылатын алғашқы COVIran Barekat вакцинасын шұғыл қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі news18 сайтына сілтеме жасап. 


Иран билігі коронавирус инфекциясына қарсы елде шығарылатын алғашқы COVIran Barekat вакцинасын шұғыл қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі news18 сайтына сілтеме жасап. 

Жергілікті БАҚ мәліметінше, препараттың негізі - Иранның Shifafarmed фармацевтикалық компаниясы жасаған жансыз вирус. Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімдігіне алғашқы зерттеулер былтыр желтоқсанның соңында басталған. 

Келесі аптада Иран мен Куба бірлесіп шығарған тағы бір препарат елдегі вакциналар қатарына қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Иранның денсаулық сақтау министрі Саид мәлімдеді.

Елдің реттеушісі осындай қадамға COVID-қа қарсы вакцина импортына байланысты проблемалардан барғаны атап өтілді. Тегеран мәліметінше, Иран тұрғындарын жаппай вакциналауға АҚШ санкциялары кедергі келтіріп отыр. 

Айта кетейік, 2015 жылы маусымда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бес елі және Германия Иранмен көпжылдық келіссөздерден кейін атомдық мәміле (ҚДП) жасасты. Оның мақсаты - Тегеранға ядролық қару алуға мүмкіндік бермеу. Бірақ 2018 жылы мамырда АҚШ бұл мәміледен шығып, Тегеранға қарсы біржақты санкциялар енгізді. 

Осы жылдың басында АҚШ Иранмен ядролық келісімге оралу шартын атады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети