Иран мен Израиль қақтығыстан келген залалды бағалап жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран мен Израиль қақтығыстан келген залалды бағалап жатыр Фото:depositphotos.com

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Израильмен қақтығыс кезінде елдің ядролық нысандарына айтарлықтай залал келгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта Иранның Атом энергиясы ұйымы (ИАЭҰ) бұл залалды бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Израильмен қақтығыс кезінде елдің ядролық нысандарына айтарлықтай залал келгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта Иранның Атом энергиясы ұйымы (ИАЭҰ) бұл залалды бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости мәліметіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, сыртқы істер министрі бұл туралы тікелей эфирде айтқан.

"Қазіргі уақытта... Иранның Атом энергиясы ұйымының сарапшылары залалды жан-жақты бағалап жатыр. Залал айтарлықтай", – деді ол.

Сонымен қатар, Deutsche Welle басылымының жазуынша, Израиль Иранмен 12 күнге созылған қақтығыстан келген шығынды 10 миллиард шекельге (шамамен 3 миллиард АҚШ доллары) бағалаған. Bloomberg агенттігінің Израильдің Қаржы министрлігі мен Салық қызметіне сілтеме жасап мәлімдеуінше, бұл қаражат зымырандардан зардап шеккен ғимараттарды қалпына келтіруге және жергілікті бизнеске өтемақы төлеуге қажет болады.

"Бұл – біз кезіккен ең күрделі мәселе. Израиль тарихында мұндай ауқымдағы қираулар болған емес", – деді өтемақы төлемдеріне жауапты Салық басқармасының басшысы Шай Ааронович.

Бұл бағалауға пайдаланылған қару мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін алмастыру құны кірмеген, сондықтан нақты залал көлемі әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.

Қаржы министрі Бецалель Смотрич соғыс салдары жалпы 12 миллиард долларға жетуі мүмкін екенін айтты.

Израиль Ұлттық банкінің басшысы Амир Ярон Bloomberg TV арнасына берген сұхбатында сәл қалыптырақ баға беріп, шығынды шамамен 6 миллиард доллар деп болжады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети