Иранда америкалық тыңшылар өлім жазасына кесіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранда америкалық тыңшылар өлім жазасына кесіледі

Иран АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (Central Intelligence Agency) 17 тыңшысын әшкерелеп қамауға алды. Бұл туралы 22 шілдеде Fars агенттігі хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (Central Intelligence Agency) 17 тыңшысын әшкерелеп қамауға алды. Бұл туралы 22 шілдеде Fars агенттігі хабарлады. 

Агенттік мәліметінше, ел аумағында жұмыс істеп жүрген агенттерді Иранның Ақпарат және ұлттық қауіпсіздік министрлігі анықтаған. Оларға қатысты сот үкімдері шыққан және кейбіреулері сатқын ретінде өлім жазасына кесілетіні айтылады. 

Press TV телеарнасының мәліметінше, тыңшыларды ұстау шаралары соңғы бір жылда жүргізілген. Соның нәтижесінде агентуралық желі бұзылған. 

Маусым айында Иран ұлттық қауіпсіздігі жоғарғы кеңесінің хатшысы Али Шамхани арнайы қызмет өкілдері "кеңауқымды америкалық кибертыңшылық желіні" анықтағанын айтқан еді. Соның арқасында бірнеше елде ОББ қызметкерлері ұсталып, жазаланған. 

Айта кетейік, АҚШ пен Иран арасы бір жыл бұрын шиеленісе бастады. 2018 жылы Трамп Вашингтонның 2015 жылғы ядролық келісімнен шығатынын және Тегеранға қатысты санкцияларды қайта жандандыратынын мәлімдеді. Шектеу шараларының жаңа пакеті АҚШ-та қарашада күшіне енді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети