Иранда жолаушылар ұшағы құлады, деп хабарлады РИА Новости.
Иранда жолаушылар ұшағы құлады, деп хабарлады РИА Новости.
Агенттіктің хабарлауынша, ұшақ Иранның Исфахан провинциясындағы Семиром қаласының маңында апатқа ұшыраған.
"Ұшақ Тегеран - Ясудж рейсін орындаған. Түрлі мәліметтер бойынша, бортта алпыстан жүзге дейін адам болған", - делінген жарияланымда.
Press TV мәліметтері бойынша, ұшақтың апатты жағдайда ферма маңына қонғанын көргендер бар, сондықтан апаттан аман қалғандардың да болуы мүмкін.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Иранда құлаған ұшақ Aseman Airlines әуе компаниясына тиесілі. Компания өзіне тиесілі жолаушылар ұшағының бірінің құлағанын растады.
#BREAKING
— Sobhan Hassanvand (@Hassanvand) 18 февраля 2018 г.
Iranian plane carrying 60 passengers, with 6 crew, from Tehran to Yasuj, disappears from radar, crashes near Semirom, Isfahan pic.twitter.com/S6tCStmMHE