Иранда министрдің бұрынғы орынбасары өлім жазасына кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранда министрдің бұрынғы орынбасары өлім жазасына кесілді Euronews

Иранда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Алиреза Акбари өлім жазасына кесілді. Ел билігі Акбари Ұлыбританияға жасырын түрде қызмет етті деп айыптаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еuronews.com сайтына сілтеме жасап.

Акбари дарға асу арқылы өлім жазасына кесілгені туралы ирандық БАҚ-тар жазған, алайда оның нақты қай күні өткені белгісіз.

Аятолл режимі Акбари "МИ-6-ның" маңызды агенттерінің бірі екенін, ол жасырын қызмет еткені үшін екі миллион еуро көлемінде сыйақы алғанын айтады. Үш жыл бұрын қамауға алынған экс-шенеуніктің екі азаматтығы болған екен.

Бұған дейін Иранда Алиреза Акбаридің ядролық физик Мохсен Фахризаденің өліміне қатысы бар екенін дәлелдейтін видео тараған болып шықты. БАҚ-тардың мәліметінше, видеода Акбари қылмыс жасағанын мойындаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети