Иранда мыңдаған адам саңырауқұлақтан уланып, 15 адам көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранда мыңдаған адам саңырауқұлақтан уланып, 15 адам көз жұмды © news.liga.net

Иранда саңырауқұлақтан уланған 15 адам көз жұмып, мыңдаған адам зардап шеккен, - деп хабарлайды РИА Новости порталы Fars агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранда саңырауқұлақтан уланған 15 адам көз жұмып, мыңдаған адам зардап шеккен, - деп хабарлайды РИА Новости порталы Fars агенттігіне сілтеме жасап. 

Мұның алдында 11 адам мерт болып 800 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

"Қазіргі таңда 1017 адам ауруханаға жөнелтіліп, оның ішінде 116 адам жатқызылды, ал 15 адам көз жұмған", - деп мәлімдеді елдің апат қызметінің өкілі Моджтабу Халеди.

Бірнеше күн бұрын Иранда саңырауқұлақтан жаппай улану болғаны хабарланған. 19 мамырда 720 адамның уланғаны және 9 адамның көз жұмғаны белгілі болған. Оқиға бірнеше аймақта  -  Керманшах, Күрдістан, Лурестан, Зенджан, Батыс және Шығыс Әзірбайжан мен Хамаданда болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети