08 қаңтар 2020 | 14:28

Ирандағы ұшақ апаты: Украина елшілігі лаңкестік нұсқасын жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Украинаның халықаралық әуе жолдары" компаниясына тиесілі Boеing 737 лайнері алдын ала болжам бойынша Тегеран маңында қозғалтқышындағы апатқа байланысты құлаған. Теракт туралы айтуға негіз жоқ. Бұл туралы Ирандағы Украина елшілігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды РИА Новости


Иконка комментария блок соц сети

"Украинаның халықаралық әуе жолдары" компаниясына тиесілі Boеing 737 лайнері алдын ала болжам бойынша Тегеран маңында қозғалтқышындағы апатқа байланысты құлаған. Теракт туралы айтуға негіз жоқ. Бұл туралы Ирандағы Украина елшілігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Ведомство мәліметінше, Тегеран уақытымен шамамен 6:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 8:30-да) Имам Хомейни (Тегеран қаласы) халықаралық әуежайынан ұшқан "Украина халықаралық әуе жолы" әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы әуежай маңында апатқа ұшырады. Ол PS 752 рейсі бойынша Тегеран - Киев бағытында ұшқан. 

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ қозғалтқыштағы техникалық ақауға байланысты құлаған. Лаңкестік нұсқасы туралы айтуға негіз жоқ", - деді елшілік өкілдері. 

Елшілік өкілдері, жолаушылардың қайсысы бортқа отырмағанын анықтап жатыр. 

"УХӘ компаниясының мәліметінше, осы рейске 168 адам билет алған. Жолаушылардың қайсысы бортта болмағаны және Украинаның қанша жолаушысы болғаны тексеріліп жатыр. Сондай-ақ, бортта тоғыз экипаж мүшесі - Украина азаматтары болған. Өкінішке орай, барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері қаза тапты", - делінген елшілікте. 

Осыған дейін Иранда апатқа ұшыраған украиналық ұшақтың бортында 7 елдің азаматтары болған.

Басылым мәліметінше, апатақа ұшыраған ұшақ бортында Канаданың 73 азаматы және Иранның 71 азаматы болған. Тағы екі жолаушы мен экипаждың 13 мүшесі украиндықтар болған. Қалған адамдар Германия, Ұлыбритания, Швеция және Ауғанстаннан болған. 

Еске салайық, мұның алдында Иранда 180 жолаушысы бар украиналық ұшақтың құлағаны хабарланған болатын. Лайнердің "техникалық ақауға" байланысты Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшырағаны айтылады. Әуежай басшысы әуе апатын растады. Ол ұшақтың әуежайдан ұшып шыққан бойда апатқа ұшырағанын мәлімдеді.

"Әл-Жазира" телеарнасының мәліметінше, "Украинаның халықаралық әуе жолдары" компаниясына тиесілі PS 752 рейсі Тегеран уақыты бойынша 5:15 ұшуы тиіс болған, алайда бортты бір сағатқа кідірген. Ұшақ 6:12-де ұшқан. 

Сыртқы істер министрлігі осы бортта қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети