Иранның бұрынғы елшісі коронавирустан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранның бұрынғы елшісі коронавирустан қайтыс болды © ifpnews.com

Иранның Сириядағы бұрынғы елшісі 68 жастағы Хоссейн Шейхолислам коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды Mehr News.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранның Сириядағы бұрынғы елшісі 68 жастағы Хоссейн Шейхолислам коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды Mehr News.

Шейхолислам парламент спикері Али Лариджанидің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі болған. Сондай-ақ, ол Дүниежүзілік ислам ағымдарын жақындастыру ассамблеясының халықаралық істер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған және Иран Меджілісінің (парламентінің) депутаты болған. 

Бұған дейін Иран өнеркәсіп, кен және сауда министрі Рыза Рахманидің коронавирус жұқтырғаны мәлім болған. Ауырғандардың қатарында әйелдер мен отбасы істері жөніндегі вице-президент Масуме Эптекар да бар. 

Кейін елдің басқа да ықпалды шенеунігі - Мохаммад Мир-Мохаммади аурудан қайтыс болғаны хабарланды. Ол Иранның қабылданған шешімдердің орындылығын анықтау жөніндегі кеңестің мүшесі болған.

Сондай-ақ, коронавирустан Иранның Ватикандағы бұрынғы елшісі Хади Хосровшахи қайтыс болды. Ол 81 жаста болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети