Иранның жоғарғы басшысы елдегі наразылықтар туралы алғаш рет пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранның жоғарғы басшысы елдегі наразылықтар туралы алғаш рет пікір білдірді © euronews

Дүйсенбі, 3 қазанда Иранның жоғарғы басшысы аятолла Али Хаменеи елде екі аптадан аса уақыт бойы тоқтамаған ауқымды наразылықтар туралы алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүйсенбі, 3 қазанда Иранның жоғарғы басшысы аятолла Али Хаменеи елде екі аптадан аса уақыт бойы тоқтамаған ауқымды наразылықтар туралы алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews арнасына сілтеме жасап.

Ол шерулерді ұйымдастырды деп АҚШ пен Израильді айыптап, хиджабтарды жыртып, мешіттер мен полиция көлігін өртеп жібергендердің әрекетін "дұрыс емес" деп атады.

"Мұны жоспарлаған кім? Әлбетте, Америка - өтірікші, басқыншы, сионист режим, төленген агенттермен бірге шетелдегі бірнеше сатқын ирандықтар көмегімен", - деді аятолла Али Хаменеи.

Ирандағы кейінгі жылдардағы ең үлкен наразылық толқынына 22 жастағы Махса Аминидің өлімі себеп болды, Иран полициясы мәліметінше, ол хиджабты дұрыс кимеген. Әйел құқықтарын қорғау шерулерінен наразылықтар тез арада 1979 жылғы Ислам революциясы кезінде құрылған режимді құлату талаптарына айналды. Жергілікті телеарна мәліметінше, кем дегенде 41 адам қаза тауып, тағы 1500 ирандық қамауға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети