Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовте болған қисуа (Қағбаның қара түсті жібек жабындысы) Ташкенттегі "Минор" мешітіне тапсырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовте болған қисуа (Қағбаның қара түсті жібек жабындысы) Ташкенттегі "Минор" мешітіне тапсырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Тұңғыш президенттің жесірі Татьяна Каримова мен қызы Лола Каримова-Тилляева "Минор" мешітінде болып, қасиетті жәдігерді сыйға тартқан. Қисуаны Ислам Кәрімов 1992 жылы Меккеге барғанда Сауд Арабиясының королі Фахд сыйға тартқан.
Өткен жұмада Ташкентте Өзбекстанның тұңғыш президентінің құрметіне аталған "Ислом ота" мешіті жөндеуден кейін ашылды. Жөндеу жұмыстары Лола Каримова мен оның күйеуі бизнесмен Тимур Тилляевтың қаржысымен жүргізілді.
Еске салайық, Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов 2 қыркүйекте 78 жасында жүрек талмасынан көз жұмды. Ол өзінің туған жері Самарқан қаласында мұсылмандық рәсімдер бойынша жерленді.