Ислам Кәрімовтің жағдайы өте ауыр - Өзбекстан үкіметі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ислам Кәрімовтің жағдайы өте ауыр - Өзбекстан үкіметі Ислам Кәрімов. © Tengrinews.kz

Өзбекстан үкіметінің мүшелері ел президенті Ислам Кәрімовтің ауыр халде жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстан үкіметінің мүшелері ел президенті Ислам Кәрімовтің ауыр халде жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Өткен тәулікте президентіміздің жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлердің оның жағдайы тым ауыр деп бағалап отырғанын зор күйінішпен хабарлаймыз", - делінген министрліктер кабинетінің хабарламасында. "Осыған дейін мемлекет басшысы Ислам Әбдіғаниұлы Кәрімовтің өткен сенбіде инсульт алып, ауруханаға түскені хабарланған болатын", - деп еске алды үкіметтегілер. 

Еске салайық, осыған дейін 1 қыркүйекте "Ферғана" порталы, "Озодлик радиоси" және "Өзбекстанның халық қозғалысы" сайттары Ислам Кәрімовтің жерленетін уақыты мен орнын атаған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети