Ислам Кәрімовтің қызы әкесін қолдаған халқына алғыс айтты
ПОДЕЛИТЬСЯ
Лола Кәрімова-Тилляева
Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің қызы Лола Кәрімова-Тилляева Өзбекстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің қызы Лола Кәрімова-Тилляева Өзбекстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
"Отандастарымды шын жүрегіммен Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Біздің еңбекқор әрі шексіз дарынды, қайырымды Өзбекстан халқына бақыт, гүлдену мен өркендеу тілеймін! Берекелі жерімізде түрлі ұлттар мен түрлі дін өкілдерінің арасында бейбітшілік пен тыныштық, толеранттылық және өзара құрмет болсын!", - деп жазды президенттің кенже қызы.
Сонымен қатар, ол Президентке айтып жатқан жылы сөздері мен ақ тілектері үшін халқына алғысын білдірді. "Бұл біз үшін өте маңызды, жүректеріңіздің төрінен шығып жатқан жақсылықтарыңыздың күші оның айығып кетуіне септігін тигізетініне сенімдімін! Көп рақмет!", - деп жазды ол.
Айта кетейік, осыған дейін Өзбекстанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 31 тамызға белгіленген салтанатты шаралар кейінге қалдырылғаны хабарланған болатын. Ал оның алдында Өзбекстан президентінің қайтыс болғаны туралы қауесеттер тараған еді. Алайда бұл мәлімет ресми түрде нақтыланбады.