"Ислам мемлекеті" жендеттерінің арасында қазақстандық бар - сарапшы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Татьяна Дронзинаның презентациясынан алынды Фото Татьяна Дронзинаның презентациясынан алынды

Ирак сарбаздары мен офицерлерін көпшілік алдында өлтірген жендеттердің ішінде бір қазақстандық бар. Бұл жөнінде София университетінің (Болгария) профессоры, терроризмге қарсы іс-қимыл саласының сарапшысы Татьяна Дронзина Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ирак сарбаздары мен офицерлерін көпшілік алдында өлтірген жендеттердің ішінде бір қазақстандық бар. Бұл жөнінде София университетінің (Болгария) профессоры, терроризмге қарсы іс-қимыл саласының сарапшысы Татьяна Дронзина Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады.

Астана қаласында экстремизм мен лаңкестікке қарсы күрес мәселесі талқыланған конференцияда Дронзина 15 қарашада әлеуметтік желілерде Ирактың 22 сарбазы мен офицеріне ұру-соғу жазасын қолдану кезінде түсірілген бейнеролик пайда болғанын айтты. Оның айтуынша, сол жазалаушылардың қатарында қазақстандық бар.

"Жазалаушылардың саны - 22, солардың біреуі - Қазақстан азаматы (...). Ол анықталды", - деді ол фотоны көрсетіп. Сарапшының айтуынша, Ирак солдаттарының басы шабылған. Жазалау кезінде ағылшын жендеті Джонның болғаны да анықталды. 

Қазақстан азаматы түріне қарап анықталды, бірақ аты-жөні белгісіз. Алайда оның Сирияға 2013 жылға дейін барғаны туралы ақпарат бар.

"Терроризмге қарсы желілерде бұл кеңінен талқыланды, бірақ қазақстандықтар тарапынан ешқандай реакцияны байқамадым, қалай болған күнде де бұл дерек бір ай бұрын анықталды, бейнеролик бір ай бұрын шықты", - деді ол. 

Дронзинаға "Бәлкім қазақстандық жендеттер дегенді жақша ішіне жазуды қою керек шығар?" деген сұрақ қойылды.

Оның айтуынша, Қазақстанда "Ислам мемлекеті" - қылмыстық сипатқа ие ұйым екенін көбірек айту керек, бұл ұйым 200 мың адамның өліміне кінәлі, 11 миллион адамды босқын қылып, мыңдаған әйелді жыныстық құлдықтың құрбанына айналдырған ұйым.

"Бұл жөнінде барлығы жазуы керек, жай ғана насихат жүргізуге болмайды, оларды көрсету керек, оларды батыр кейпінде көрсететін байланыстың барлығын үзіп, олардың қылмыскер екенін жеткізуіміз керек", - деді ол. 

Айта кетейік, бүгін Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысқан Қазақстан азаматтары қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын тағы бір мәрте еске салды.

"Қарулы қақтығыстарға қатысу қазіргі таңда қылмыс жасау болып саналады, сондықтан мұндай қадамға барғандар жазаланатынын ескертеміз. Егер сондай адамдар шығып жатса, тиісті жазасын алады, жаза заңға сәйкес және адам құқығын барлық жағынан сақтала отырып белгіленеді", - деді Кравченко.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Абықаев "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымында 300 қазақстандық соғысып жүргенін айтқан болатын, олардың тең жартысы - әйелдер.  

Абықаевтың мәлімдеуінше, "Ислам мемлекеті" құрамындағы қазақстандықтар "Қазақ джамаат" тобын құрған. Арнайы қызмет мамандары ТМД елдеріне "Ислам мемлекеті" құрамына адам тартушылар келіп, соғысқа қатысуға үгіттеп жүргендер үшін алаңдап отыр. Абықаевтың айтуынша, ғаламтордағы жарияланып жатқан материалдардың өзі жастардың санасына әсер ете ме деген уайым бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro