Пентагон басшысы Эштон Картер "Ислам мемлекеті" ұйымындағы негізгі үш көшбасшының көзі жойылғанын хабарлады, - деп жазады РИА Новости Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап.
Пентагон басшысы Эштон Картер "Ислам мемлекеті" ұйымындағы негізгі үш көшбасшының көзі жойылғанын хабарлады, - деп жазады РИА Новости Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Эштон Картер Италиядағы АҚШ-тың әскери базасында мәлімдеді. Пентагон басшысының баспасөз хатшысы Питер Кук 4 желтоқсанда "Ислам мемлекеті" ұйымындағы содырлардың көзі жойылғанын айтты. Оның айтуынша, содырлардың екеуі - Салах Гурмат пен Самми Джедудің Абу Мухаммед аль-Аднанимен байланысы болған.
Айта кетейік, тамыз айында "БАҚ-тармен жұмыс істейтін ресми өкіл" деп аталып кеткен Аль-Аднанидің көзі жойылған болатын. Пентагон басшысының баспасөз хатшысы Питер Куктің айтуынша, осыған дейін Бельгия соты Валид Хамман есімді үшінші содырды 2015 жылы теракт ұйымдастырмақшы болғаны үшін соттаған.