"Ислам мемлекеті" өз валютасын енгізуді қалайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ислам мемлекеті" өз валютасын енгізуді қалайды ©REUTERS

"Ислам мемлекеті" өз валютасын енгізбекші, - бұл туралы The Daily Mail газеті жазды. Бірақ ұйым бұл мәліметті ресми түрде растамады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ислам мемлекеті" өз валютасын енгізбекші, - бұл туралы The Daily Mail газеті жазды. Бірақ ұйым бұл мәліметті ресми түрде растамады.

Газеттің мәліметінше, "Ислам мемлекеті" тобы ежелгі ислам дәуіріндегі динарды қайтармақ ниетте, бұл туралы Ирактың Мосул қаласының және Найнава елді мекенінің діни көшбасшылары жария еткен. Айта кетейік, көне динарлар таза алтын мен күмістен жасалатын болған. "Ислам мемлекеті" валютаның түпнұсқа түріне көшпек. 

Сонымен қатар, Мосул және Найвана мешіттеріндегі діни көшбасшылардың "Ислам мемлекеті" өз валютасын енгізуі мүмкін екенін айтқан хабарламасы әлеуметтік желілерде пайда болғаны хабарланды. Болжам бойынша, динар таяудағы бірнеше аптада "Ислам мемлекеті" тобының бақылауындағы аймақтарда айналымға түседі.

Осыған дейін "Ислам мемлекетіне" Мысырдың "Ансар Бейт әл-Макдис" тобының жиһадшылары кіргені хабарланған еді. БАҚ мәліметінше, әлеуметтік желілерде жарияланған аудимәлімедемеде мысыр исламистері "Ислам мемлекеті" көшбасшысы Әбу Бақыр әл-Бағдадиге бағынуға уәде берген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети