"Ислам мемлекеті" содырлары 70 адамды ұрлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ислам мемлекеті" содырлары 70 адамды ұрлап кетті ©Korrespondent.ru

"Ислам мемлекеті" радикалды тобының содырлары Ирактың солтүстігінде сүнниттер тайпасының 70 адамын ұрлап кетті, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі Press TV арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ислам мемлекеті" радикалды тобының содырлары Ирактың солтүстігінде сүнниттер тайпасының 70 адамын ұрлап кетті, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі Press TV арнасына сілтеме жасап.

Дулаим тайпасының ұрланған өкілдері Тикрит қаласының батысында өмір сүрген. Агенттіктің мәліметінше, содырлар 25 автомобильді де айдап әкеткен. Олар әзірше ешқандай талап айтқан жоқ, кепілге алынғандардың қайда екені белгісіз. Басылымда ИМ содырларының Ирак пен Сирияның олар бақылауда ұстап отырған аймақтарында тайпалардың өкілдерін бірнеше мәрте ұрлап әкеткені және туыстарынан қыруар қаражат сұрағаны жазылған. 

Ирак пен Сирияның басым аймағын жаулап алған "Ислам мемлекетінің" экспансиясы әлемнің соңғы екі жылдағы ең үлкен проблемасына айналды. ОТБ мәліметінше, 30 мың содыры бар топ басып алған аймақтарында халифат жариялап, өз аймақтарын кеңейтуді жалғастырып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети